Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi

Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi

23.08.2026 21:14:41 363

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы ресми түрде аяқталып, ел жадында нағыз жалпыхалықтық мереке ретінде қалды. Бұл күн көптеген қазақстандық үшін жоғары азаматтық жауапкершілік танытуға мүмкіндік берді. Сайлау учаскелеріне тұтас отбасымен келген азаматтар өскелең ұрпаққа ел болашағын қалыптастыруға белсенді атсалысудың лайықты үлгісін көрсетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 9 352 151 адам қатысты. Бұл елдегі барлық сайлаушылардың 74,19%-ын құрайды.

Мерекелік көңіл күй елдің түкпір-түкпірінен сезілді. Дауыс беру үдерісі халқымыздың бай мәдени мұрасымен үйлесім тапты. Сайлау учаскелерінде музыкалық шығармалар орындалып, тұсаукесер, бата беру секілді дәстүрлі рәсімдер ұйымдастырылды. Ал келген жұртты ақжарма тілекпен шашу шашып қарсы алды.

Бұл күн азаматтардың өзіндік ерекшелігін танытқан жарқын әрі тосын бастамаларымен де есте қалды. Кейбір сайлаушылар сайлау учаскелеріне танымал суперқаһармандар мен кино кейіпкерлерінің бейнесінде келіп, шараға айрықша реңк берді.

Бұл қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте айшықтаған жарқын әрі жағымды күн болды. Ең бастысы – бұл елдің болашаққа деген нық ұмтылысын көрсетті!