«Мектепке жол» акциясы жалғасуда!

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда!

27.08.2026 14:52:37 168

Бүгінгі таңда 2 719 бала жалпы сомасы 29,38 млн теңгеге әртүрлі қаржылай және материалдық көмек түрлерімен қамтылды.

Акцияға тұрақты серіктестеріміздің белсенді қатысуы қуантады. Бүгін Halyk Bank қолдауымен тағы 150 болашақ бірінші сынып оқушысы толық жинақталған мектеп сөмкелерін алды.

Оқушыларға басшының орынбасары Ермек Бақытұлы Күзенбаев құттықтау сөз арнады. Ол балаларға табысты оқу жылын тілеп, ең бастысы — сөмкенің ішіндегісі ғана емес, олардың білімге деген ұмтылысы екенін атап өтті. Дәл осы оқуға деген қызығушылық, дамуға және жаңаны тануға деген құштарлық болашақта мамандық таңдауға, өзін көрсетуге және еліміздің табысты азаматы болуға көмектеседі. Ал ата-аналарға амандық пен балаларының жетістіктеріне қуанып жүре беруді тіледі.

Бұл игі бастамаға Жастар үйі мен «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілері де қосылды. Балалар баршаға жарқын нөмірлер, көтеріңкі көңіл-күй мен нағыз шабыт сыйлады! Ал шара «Карнавал» ансамблінің әсерлі өнерімен аяқталды.

Балаларымызды қолдап, олардың жаңа оқу жылын сенімділікпен, күкімен және көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуына көмектесіп жүрген барша жанға алғыс айтамыз!

«Мектепке жол» акциясын бірге жалғастырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1281113?lang=ru