Қазақстан мен Vandeputte: зығыр өңдеу және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен Vandeputte: зығыр өңдеу және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту

27.08.2026 20:48:50 68

Мускрон, Бельгия, 2026 жылғы 27 тамыз – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бельгиялық Vandeputte Group отбасылық компаниясына барып, компанияның иесі әрі сатып алу жөніндегі директоры Анри-Франсуа Вандепуттемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық зығыр тұқымын Бельгия мен Еуропалық одаққа жеткізуді ұлғайту, ұзақ мерзімді жеткізу тізбектерін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.

Қазақстанның еуропалық нарыққа зығырдың сенімді жеткізушісі ретіндегі позициясын нығайтуға ерекше назар аударылды. 2025 жылы Қазақстанның Бельгияға зығыр экспорты екі еседен астам өсіп, 164,4 млн АҚШ долларына жетті және Қазақстанның Бельгияға экспортының ең ірі тауарлық позициясына айналды. 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Бельгияға рекордтық 309,5 мың тонна зығыр жеткізді, бұл елдің жалпы зығыр экспортының 28%-ын құрады.

Тараптар шикізат саудасынан неғұрлым терең өнеркәсіптік кооперацияға көшу мүмкіндіктерін де қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстанда зығырды өңдеуді және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін жергіліктендіру, сондай-ақ зығыр майын өндіру саласындағы бельгиялық технологиялар мен тәжірибені трансферттеу мәселелері талқыланды.

«KazakhInvest» ҰҚ» ұсынған АҚ Vandeputte Group пен «Harvest Agro», «Alem Agro», «Olzha Agro» және т. б. қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі бастамасы жеке талқыланды. Ықтимал әріптестік зығырды ұзақ мерзімді жеткізуді, өнімділік пен сапа стандарттарын арттыруды, экспорттық логистиканы дамытуды, ал келешекте Қазақстанда зығыр өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруды қамтуы мүмкін.

Р.Василенко Қазақстанның бельгиялық компаниялармен инвестициялық және өнеркәсіптік әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін, соның ішінде тарихта бірінші 2026 жылғы күзде Бельгия Королі Филипптің Қазақстанға жоспарланған Мемлекеттік сапары қарсаңында мұндай ынтымақтастықтың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Анықтама: Vandeputte Group – 1887 жылы құрылған бельгиялық отбасылық кәсіпорын. Топ зығыр тұқымын өңдеуге және зығыр майын, олеохимиялық өнімдерді, сабын мен жуғыш заттарды, сондай-ақ бояулар, сия, линолеум, зығыр күнжарасын және ағашты қорғау құралдарын өндіруге арналған компоненттер шығаруға маманданған. Топ қызметінің негізгі бағыттары – Vandeputte Huilerie (Oils & Oleochemicals) және Vandeputte Savonnerie (Soap & Detergents). Компания жылына 120 мың тонна зығыр тұқымын өңдейді және май өндіруде дәстүрлі механикалық сығымдау технологиясын қолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1281479?lang=ru