ҚҚС бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтитын ұйымдарға қатысты
28.08.2026 16:53:23 20
Салық кодексінің 474-бабының 7) тармақшасына сәйкес, егер өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ оның алдындағы төрт салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай талаптар сақталса, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады:
- мүгедектігі бар адамдардың орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрауы;
- мүгедектігі бар адамдарға еңбекақы төлеу шығыстары еңбекақы төлеуге арналған жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрауы.
Бұл ретте аталған тармақшаның ережелері мүгедектігі бар жұмыскерлердің саны кемінде 10 адам болған және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді ұсыну осындай жұмыскерлердің қатысуымен жүзеге асырылған жағдайда қолданылады.
Осылайша, Салық кодексінің 474-бабының 7) тармақшасында көзделген талаптар бір мезгілде толық сақталған жағдайда ғана, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады және ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін айналым мөлшерін айқындау кезінде есепке алынбайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1282063?lang=ru