Қазақстан Елшісі «Ajlan & Bros Holding Group» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі «Ajlan & Bros Holding Group» компаниясының басшылығымен кездесті

01.09.2026 14:18:12 72

Рияд, 2026 жылғы 31 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Ajlan & Bros Holding Group» Бас атқарушы директорының орынбасары Фейсал Әл-Рабихпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар қазақ-сауд инвестициялық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылап, тау-кен металлургия кешені және девелопмент салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, саудтық бизнестің минералдық-шикізат базасын игеру, қайта өңдеу өндірістерін дамыту, сондай-ақ ірі инфрақұрылым және девелопмент салаларындағы жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін атап өтті.

Тараптар практикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтау бойынша алдағы қадамдар туралы келісті.

«Ajlan & Bros Holding Group» 1979 жылы тоқыма компаниясы ретінде құрылған. Бүгінгі таңда холдинг Сауд Арабиясындағы жылжымайтын мүлік, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қаржы және денсаулық сақтау салаларында қызмет ететін әртараптандырылған жеке конгломерат болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1283541?lang=ru