Қазақстан СІМ-де қазақ-поляк ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
01.09.2026 18:56:16 109Астана, 2026 жылғы 1 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және қазақ-поляк ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, саяси және парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.
Алдағы екіжақты іс-шараларға айрықша көңіл бөлінді. Олардың мазмұндық толықтырылуы мен практикалық іске асырылу мәселелерін талқылай отырып, тараптар тиісті бағыттар бойынша тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайын екендерін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Қазақстан мен Польша арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1283930?lang=ru