Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру және шаруа қожалығының бөлек есебін жүргізу

Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру және шаруа қожалығының бөлек есебін жүргізу

02.09.2026 12:52:18 105

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 99-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеушінің тіркеу есебіне қоюға:

1) мемлекеттік мекеме;

2) резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

3) жеке практикамен айналысатын адам;

4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

5) жеке тұлға жатпайды.

Салық кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес салық төлеушіні тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін:

1) айналым Салық кодекстің 449-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдар сомасы ретінде Салық кодекстің   101-бабында белгіленген күннен бастап өсу нәтижесімен айқындалады;

2) айналымның шекті шегі – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең айналым.

Салық кодексінің 448-бабына сәйкес мыналар ҚҚС салынатын объектілер болып табылады:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт.

Салық кодексінің 449-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші бөлігімен салық салынатын айналым болып, оның ішінде Салық кодексінің 450-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ҚҚС төлеуші жасайтын айналым белгіленген.

Салық кодексінің 452-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тауарларды өткізу бойынша айналым, оның ішінде:

тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді;

кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сатуды;

тауарды өтеусіз беруді;

жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруін;

кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне беруін қоса алғанда, тауарға меншік құқығын беруін білдіреді.

Салық кодексінің 452-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарларды өткізуден өзгеше сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.

Салық кодексінің 461-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес,  егер Салық кодекстің 462-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналым мөлшері Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары бағалар мен тарифтерге ҚҚС қоспай қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.

Салық кодексінің 503-бабының 1-тармағына сәйкес,  егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.

Салық кодексінің 728-бабының 7-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің күші қолданылмайтын қызмет бойынша ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою бойынша міндеттеме туындаған жағдайда, салық төлеушіде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу бойынша міндеттеме туындайды.

Осылайша, Салық кодексінің 728-бабының 7-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимінің қолданылуы таралмайтын қызмет бойынша ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою міндеттемесі туындаған жағдайда, салық төлеушіде салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшу міндеттемесі туындайды, тиісінше, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын осындай салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдары ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін ескеріледі және осындай салық төлеуші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өзге де қызмет бойынша айналымдар бойынша ҚҚС төлеуші болып табылады.

Салық кодексінің 716-бабының 11-тармағына сәйкес арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін талаптар туындаған жағдайларда жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысу үшін салық төлеуші осындай талаптар туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.

Басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні осындай талаптар туындаған күн болып табылады.

Салық кодексінің 716-бабының 12-тармағына сәйкес салық органы камералдық бақылау барысында салық төлеушінің тиісті арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шарттарға сәйкес келмеу фактісін белгілеген кезде салық органы салық төлеушіге Салық кодекстің 82 және 137-баптарында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жібереді.

Салық төлеуші өзге арнаулы салық режиміне ауысу туралы хабарламаны салық органына ұсынбаған жағдайда салық органы осындай салық төлеушіні жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырады немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны Салық кодексінің 716-бабының 11-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен ұсынбаған кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатады.

Бұл ретте:

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі үшін – арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күн жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдануды бастау күні болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін тоқтату күні арнаулы салық режимін қолдану бойынша сәйкессіздік туындаған күннің алдындағы күн болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1284259?lang=ru