Қазақстан мен Сауд Арабиясы құқықтық ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан мен Сауд Арабиясы құқықтық ынтымақтастықты тереңдетуде

03.09.2026 12:03:54 179

Рияд, 2026 жылғы 1 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Бас прокуроры Халед бен Мұхаммед әл-Юсуфпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар және Құрылтай депутаттары сайлауының нәтижесі туралы ақпарат берді. Кездесуде екі ел арасындағы құқықтық ықпалдастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, биыл 15-18 қарашада Рияд қаласында өтетін Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының (International Association of Prosecutors – IAP) 31-ші халықаралық конференциясына дайындық мәселелеріне қатысты өзара пікір алмасылды.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1284818?lang=ru