«Жалпыға бірдей декларациялау бойынша әкімшілендіру» тақырыбында брифинг өтті

«Жалпыға бірдей декларациялау бойынша әкімшілендіру» тақырыбында брифинг өтті

03.09.2026 18:32:30 169

Бүгін 3 қыркүйекте Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялау бойынша әкімшілендіру»   тақырыбы бойынша брифинг өтті.

Шара барысында Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің  бөлім басшысы Нұрлан Махамбет келесі ақпарат  жеткізді.

Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаттары мен міндеттері-әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын халықтың қалған санаттары, шетелде мүлкі бар тұлғаларды қоспағанда, міндетті декларациялаудан босатылды (зейнеткерлер, жекеменшік ұйым қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және т.б.).

 Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00) 2026 ағымдағы жылға тапсыруға міндетті ұсыну жүктелген адамдар

 1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар;

2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлкі бар жеке тұлғалар:

  • құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;
  • шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы;
  • инвестициялық алтыны;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
  • эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
  • шетелдік брокерлік шоттарда ақшасы;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде осы Кодекстің 423-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек).

 Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

  • ҚР және шегінен тысқары жерде тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік және көлік құралдары;
  • ҚР шегінен тысқары жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
  • шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
  • жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлес;
  • ҚР шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары,цифрлық активтер, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
  • жеке тұлғаның дебиторлық/кредиторлық берешегі;
  • құны 1000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асатын сомадағы кез келген мүлік;

2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00) 2025 жыл үшін тапсыруға міндетті ұсыну жүктелген адамдар

 мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

  • банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
  • коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары (зайыптары);
  • кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алған жеке тұлғалар;
  • есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қ Р шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар жеке тұлғалар;
  • есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі:
  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын құқықтар және мәмілелер;
  • эмитенттері ҚР шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар;
  • ҚР шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • ҚР шегінен тысқары жерде тіркелген зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • инвестициялық алтыны бар жеке тұлғалар;
  • есепті салықтық кезең ішінде ҚР және (немесе) оның шегінен тысқары жерде есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын жиынтық құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:
  • мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
  • мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
  • бағалы қағаздарды;
  • туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін;
  • инвестициялық алтынды сатып алған адамдар.
  • есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;

 Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

 Қазақстанда және шетелде орналасқан табыстар мен мүлік:

  • өз бетінше салық салынатын табыстар (жалдаудан, жылжымайтын мүлікті, көлікті, цифрлық активтерді сатудан түскен табыс, шетелден алынған табыс және т.б.);
  • салықтық шегерімдер (медициналық қызметтерге, білім алуға, ипотека төлемдеріне, көпбалалы отбасыларға арналған шегерімдер) – жылына 360 АЕК мөлшеріндегі стандартты шегеріммен ауыстырылады;
  • мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, оның ішінде тегін алынған мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер және т.б.);
  • қымбат мүлікті сатып алу көздері;
  • жеке табыс салығы бойынша артық соманы есепке жатқызу және қайтару;
  • шетелдік банктегі 1000 АЕК-тен асатын ақша;
  • есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шетелдегі мүлік (жылжымайтын мүлік пен көлік, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, жарғылық капиталдағы үлес және т.б.);
  • жеке тұлғалардың нотариалды куәландырылған қарыз шарттары (дебиторлық/кредиторлық).
  • мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдары мен тіркемелер;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
  • бағалы қағаздар, цифрлық активтер, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері.
  •  

Салық декларацияларын тапсыру мерзімі

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00) декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00) есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

 

  Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі

Декларацияны тапсырмағаны үшін:

жыл ішінде алғаш рет – ескерту;

бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда – 58 980 теңге айыппұл (2025 жылғы 15 АЕК).

 Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер бергені үшін:

жыл ішінде алғаш рет – ескерту;

қайталап бұзған жағдайда – 11 796 теңге айыппұл (3 АЕК).
Салық салу объектілерін жасырғаны үшін:

ҚР-дан тыс жердегі мүлік пен шетелдік банктердегі шоттардағы ақшаны декларацияда көрсетпеу арқылы жасырған жағдайда – 393 200 теңге айыппұл (100 АЕК).

 Декларацияны тапсыру тәсілдері

Электроды түрде:

  • «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz);
  • «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
  • мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, HALYKBank (HALYK), ЦентрКредитБанк (bcc.kz), Kaspi.kz.

 

Қағаз түрінде:

  • мемлекеттік кірістер органдарына барып;
  • ХҚКО арқылы;
  • тапсырыс хатпен пошта арқылы.

Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1285304?lang=ru