Тіл – ұлттың жаны, бабалардың аманаты: Осакаров ауданында «Жаппай диктант» өтті

Тіл – ұлттың жаны, бабалардың аманаты: Осакаров ауданында «Жаппай диктант» өтті

04.09.2026 12:10:44 162
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл». 
— Ахмет Байтұрсынұлы
Адам баласының рухани әлемін байытып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болар ана тіліміздің қадірін асқақтату мақсатында бүгін, 2026 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Осакаров ауданының білім бөлімінде маңызды тағылымды шара – «Жаппай диктант» ұйымдастырылды. Руханият мерекесінің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, сауаттылықты арттыру және ұлы ағартушының өнегелі мұрасын дәріптеу.
«Тілге деген құрмет – елге деген құрмет» демекші, бұл игі бастамаға Осакаров ауданы білім бөлімінің мамандары мен қызметкерлері үлкен ықыласпен атсалысты. Ұлт пен ұлысты бөлмей, ұжымдағы қазақ, орыс тілді барлығы 17 маман бірауыздан үн қосып, диктант жазуға қатысты. Бұл татулық пен бірліктің көрінісі тілдің адамдарды біріктіретін құдіретті күшке ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтата түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1285735?lang=ru