Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы
04.09.2026 17:52:19 181
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, камералдық бақылау нәтижелері бойынша жеке нотариустар мен жеке сот орындаушылардың 2023–2024 жылдардағы салық есептілігінде кірістерді толық көрсету бөлігінде алшақтықтар анықталғанын хабарлайды.
Анықталған алшақтықтар бойынша хабарламалар жолданды.
Алшақтықтар, салық есептілігінің деректерін уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін мәліметтермен салыстыру нәтижесінде анықталды.
Камералдық бақылаудың мақсаты —анықталған алшақтықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.
Хабарлама алған жағдайда не істеу қажет
Хабарламаны орындау үшін 30 жұмыс күні, яғни шамамен 45 күнтізбелік күн беріледі.
Егер сіз анықталған алшақтықтармен келіссеіңз, қосымша салық есептілігін ұсынып, өз бетінше есептелген салық сомаларын төлеңіз.
Егер бұзушылық жоқ деп есептесеңіз - тиісті негіздемесі бар түсіндірме ұсынуы қажет. Бұл хабарламаны орындау тәсілдерінің бірі болып табылады.
Хабарламаның бар-жоғын тексеруе және оны орындауға салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асыруға болады.
Комитет салық төлеушілерді камералдық бақылау хабарламаларын уақтылы орындауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1286133?lang=ru