Швейцарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Швейцарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

04.09.2026 19:14:45 437

Астана, 2026 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кристин Хонеггер Золотухинді Астанадағы дипломатиялық миссиясын бастауына орай қабылдады.

Кездесу барысында Швейцария Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты

 Цифрландыру, экология, агроөнеркәсіптік кешен бастамасы аясында су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша А. Исетов Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Астана мен Берн арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1286282?lang=ru