«Әскери арнаулы оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру: заңнама, білім беру сапасы, ғылым және даму перспективалары» тақырыбында ведомствоаралық әдістемелік семинар

«Әскери арнаулы оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру: заңнама, білім беру сапасы, ғылым және даму перспективалары» тақырыбында ведомствоаралық әдістемелік семинар

07.09.2026 13:51:25 278

     2026 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының базасында «Әскери арнаулы оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру: заңнама, білім беру сапасы, ғылым және даму перспективалары» тақырыбында ведомствоаралық әдістемелік семинар өткізді.

      Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ барлық әскери арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.

    Семинарды өткізудің негізгі мақсаты — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша бірыңғай кәсіби тәсілді қалыптастыру, білім беру процесінің сапасын арттыру, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әскери арнаулы оқу орындарын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау.

     Семинардың пленарлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің әскери арнаулы оқу орындарының қызметіне қойылатын заманауи талаптары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері, құқық қолдану практикасының өзекті проблемалары және оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.

    Негізгі баяндамамен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А.Ж. Еділханов сөз сөйлеп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға ерекше назар аударды.

  Семинар барысында бақылау іс-шараларының нәтижелеріне және жиі анықталатын бұзушылықтарға, олардың себептері мен ықтимал салдарына, сондай-ақ оларды жою және алдын алу жөніндегі практикалық шараларға ерекше назар аударылды.

Сарапшылар анықталған бұзушылықтардың негізгі бағыттары бойынша тақырыптық баяндамалар ұсынды:

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарының бұзылуы: себептері, салдары және алдын алу шаралары» — Б.Ж. Джангазиева, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;

«Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібіне қойылатын талаптардың бұзылуы» — А.А. Бейсенова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті; «Профессор-оқытушылар құрамына қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы»— Г.К. Лухманова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,

«Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасауға қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы» — А.А. Чугунова, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

     Сарапшылардың баяндамалары барысында семинарға қатысушылар заңнама талаптарын іске асыру кезінде туындайтын типтік практикалық жағдайларды қарастырып, анықталатын бұзушылықтардың себептері мен олардың мамандарды даярлау сапасына ықпал ету тәуекелдерін талқылады. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру және превентивті шараларды қабылдау қажеттілігіне ерекше мән берілді.

     Семинардың қорытынды бөлімі «Білім беру саласындағы заңнаманы іске асыру кезіндегі әскери арнаулы оқу орындары қызметінің өзекті проблемалық мәселелері» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа арналды. Пікірталасқа барлық әскери арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.

    Ашық кәсіби диалог форматында қатысушылар нормативтік талаптарды практикада іске асыру, әскери арнаулы оқу орындарында білім беру қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету және ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылады.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың, тәжірибе алмасудың және бірыңғай тәсілдерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Мұндай әдістемелік іс-шараларды өткізу сарапшылар қауымдастығы мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында кәсіби диалог орнатуға тиімді алаң қалыптастырады, озық тәжірибелерді таратуға ықпал етеді және заңнамадағы өзгерістер мен кадрлар даярлау сапасына қойылатын заманауи талаптарға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

   Ведомствоаралық әдістемелік семинар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және барлық мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/press/news/details/1286788?lang=ru