Жетісу облысының әкімдігінде жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша жиын өтті

Жетісу облысының әкімдігінде жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша жиын өтті

07.09.2026 13:51:27 357

2026 жылғы 4 қыркүйекте Жетісу облысы акиматында облыс әкімінің орынбасары Ә. Қанағатовтың төрағалығымен жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына арналған жумыс кеңесі өтті.

Отырысқа Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У. Өмірзақұлы, МКД басшысының орынбасары А. Қалиев және МКД Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Л. Айтахунова қатысты.

Жиын барысында қатысушылар салықтар мен түсімдердің ағымдағы динамикасын, сондай-ақ өңірдің қаржылық-экономикалық тұрақтылығының негізгі көрсеткіштерін қарастырды.

Негізгі баяндаманы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У. Өмірзақұлы жасады. Ол ағымдағы жылдың 8 айындағы бюджеттің орындалу қорытындылары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынып, жыл соңына дейінгі күтілетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін және өзекті мәселелерді атап өтті.

Жергілікті бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,5%-ға орындалды (жоспар 82,7 млрд теңге, нақты 85,6 млрд теңге), асыра орындау 2,9 млрд теңгені құрады.

Отырысқа қатысушылар бюджетті толықтырудың қосымша резервтерін іздестіру және жұмылдыру, салық берешегін азайту, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмысқа ерекше назар аударды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары А. Қанағатов тиісті құрылымдардың басшыларына жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1286786?lang=ru