Жеке тұлғалардың мүлік салығын кімдер төлемейді?

Жеке тұлғалардың мүлік салығын кімдер төлемейді?

07.09.2026 13:51:29 367

Төмендегілер жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

 

  1. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар – Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде;

 

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:
  • тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылыжайлар алып жатқан жер учаскелері;
  • үй маңындағы жер учаскелері;
  • құрылыстар түскен жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері;
  • гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;

 

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге:
  • тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылыжайлар алып жатқан жер учаскелері;
  • үй маңындағы жер учаскелері;
  • құрылыстар түскен жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері;
  • гараждар алып жатқан жер учаскелері;
  • осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша;

 

  1. бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:
  • тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылыжайлар алып жатқан жер учаскелері;
  • үй маңындағы жер учаскелері;
  • құрылыстар түскен жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандықты және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері;
  • гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

 

  1. "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:
  • тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылыжайлар алып жатқан жер учаскелері;
  • үй маңындағы жер учаскелері бойынша;

Салық кодексінің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (тұрғылықты жерінің мекенжайы) бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;

 

  1. дара кәсіпкерлер – тұрғын үйлерді және салық базасы осы Кодекстің 603-бабына сәйкес айқындалатын әрі салығын салық органдары Салық кодексінің 604-бабына сәйкес есептейтін басқа да объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша;

 

  1. жеке тұлғалар – пәтер (бөлме) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1286779?lang=ru