Мүлік салығын төлемесе не болады?

Мүлік салығын төлемесе не болады?

07.09.2026 16:18:02 225

Егер салық уақытылы төленбесе, 1 қазаннан бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімақы есептеледі. Берешек туындаған кезде салық төлеушіге хабарлама жіберіледі, оны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Егер борыш 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге салықтық бұйрық бағытталады. Бұйрықты алғаннан кейін берешек төленбеген жағдайда, ол сот орындаушыларына жіберіледі. Ал олар мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, соның ішінде банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуды қолдануға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1286946?lang=ru