Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтеді

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтеді

07.09.2026 21:43:48 389

10-11 қыркүйекте елорда әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы диалог, жаңа идеялар мен серіктестік алаңына айналады.

«Тұрақты болашаққа арналған әлеуметтік инвестициялар» халықаралық саммиті Қазақстан мен шетелден келетін 700-ге жуық қатысушыны - әлеуметтік кәсіпкерлерді, инвесторларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен даму институттарының өкілдерін біріктіреді.

Саммиттің басты назарында әлеуметтік инвестициялар, тұрақты бизнес-модельдер, халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік кәсіпорындарды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер болады.

Қатысушылар мен сарапшылар қатарында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Дүниежүзілік банктің, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері бар.

Саммиттің басты оқиғаларының бірі «Үздік әлеуметтік кәсіпкер - 2026» республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

Сондай-ақ саммит аясында:

Ethnic Heritage Fair — әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің этно-жәрмеңкесі;

Information Fair — қолдау және даму бағдарламаларының көрмесі;

«Әлем айнасы» фотокөрмесі;

панельдік сессиялар, кездесулер және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пікірталастар өтеді.

 

https://www.instagram.com/p/Dc4MpuRMFdM/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1287195?lang=ru