Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде ядролық қарусыз аймақтардың жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі туралы талқылаулар өтті

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде ядролық қарусыз аймақтардың жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі туралы талқылаулар өтті

08.09.2026 22:56:27 393

2026 жылғы 8 қыркүйек, Женева – Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан миссияларымен бірлесіп, «Семей шарты» деп аталатын Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ (ОАЯҚАА) туралы шартқа қол қойылғанының 20-жылдығына орай іс-шара өткізді.

Іс-шараға Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейніндегі, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Оңтүстік Тынық мұхитындағы ядролық қарудан азат аймақтарға қатысушы мемлекеттердің, ядролық қаруға ие мемлекеттердің, Қарусыздану жөніндегі конференцияға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан мен Женевадағы БҰҰ кеңсесінің Бас директоры Татьяна Валовая қатысушыларға арналған кіріспе сөз сөйледі.

Қазақстанның Елшісі еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау күш-жігеріне қосқан үлесін, сондай-ақ Семей шартының саяси және практикалық маңыздылығын атап өтті. Ол Орталық Азияның ядролық қарусыз мәртебесін одан әрі нығайтудың және тәжірибе алмасуды және бірлескен тәсілдерді ілгерілетуді қоса алғанда, қолданыстағы ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар Семей шартының халықаралық ядролық қаруды таратпау және қарусыздану режимін нығайтудағы рөлін, сондай-ақ ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Орталық Азия ядролық қарудан азат аймақ туралы шарт 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семейде бес Орталық Азия мемлекетінің Сыртқы істер министрлері тарапынан қол қойылды және содан бері халықаралық ортада «Семей шарты» деп аталып жүр.

Биыл Женевадан бөлек, осындай іс-шаралар Вена мен Нью-Йоркте де өтуде. Олар 2026 жылғы мерейтойлық күндеріне, оның ішінде Семей сынақ полигонын жабылуының 35-жылдығы, Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қоюдың 20-жылдығы және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қоюдың 30-жылдығына сәйкес келетіндей етіп жалғастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1287997?lang=ru