Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады

09.09.2026 15:23:35 74

Астана, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Иран Елшісінің Қазақстандағы үш жылдық дипломатиялық қызметінің қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы жетістіктерді, сондай-ақ өзара қызығушылық танытатын салалардағы қазақстандық-ирандық іс-қимылды одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде іске асырудың, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

А.Исағалиев А.Джоукардың Қазақстан мен Иран арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалап, Иран Елшісінің Қазақстандағы қызметі кезеңіндегі белсенділігін айрықша атап өтті.

Өз кезегінде, А.Джоукар дипломатиялық миссиясы барысында көрсеткен қонақжайлығы мен қолдауы үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, Мемлекет басшылары айқындаған Қазақстан-Иран қатынастарын дамыту бағытының одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1288437?lang=ru