Алматыда ескі базар 7300 шаршы метрлі сауда үйіне айналды

Алматыда ескі базар 7300 шаршы метрлі сауда үйіне айналды

09.09.2026 17:07:37 109

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Алматы қаласының халқы мен және бизнес өкілдерімен кездесіп, тұрғындарды жеке қабылдады. Вице-министр халық алдында есеп беріп, сауда саласында атқарылған жұмыстарған тоқталды.

Биылғы жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласының ішкі саудасындағы тауар айналымының көлемі 12,3 трлн теңгені құрады. Саудадағы нақты көлем индексі 105,3%-ға жетіп, 103,9% деңгейіндегі жоспарлы көрсеткіштен асты. Алматы  елдің ішкі саудасында  34% үлеске ие. Осылай елде сауда көрсеткіші бойынша бірінші орында.   .

2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бөлшек сауда көлемі 3,6 трлн теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,6%-ды көрсетті. Бөлшек сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 29,5%-ды құрайды.

2026 жылдың алғашқы алты айында көтерме сауда көлемі 8,6 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,1%-ды құрады. Көтерме сауданың өңірдің жалпы сауда көлеміндегі үлесі 69,9%-ды құрайды.

Сонымен қатар сауда саласындағы инвестициялық белсенділік артып келеді. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 161,8 млрд теңгені құрады.

Өңірдің сауда инфрақұрылымында 37 сауда базары жұмыс істейді, оның 31-і әмбебап, 6-ы мамандандырылған. Сондай-ақ 12 сауда желісі жұмыс істейді, оның ішінде 7 ірі сауда желісі бар: Magnum, Small, MyMart, Toimart, Metro, Interfood және Galmart.

Бұдан бөлек, өңірде 4 457 «үй жанындағы» дүкен, 21 сауда-ойын-сауық орталығы, 29 сауда орталығы және 42 сауда үйі жұмыс істеп тұр.

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қаладағы сауда базарларын модернизациялау жол картасына сай жаңғыртудан өткен сауда нысанына барды. Осыған дейін көп контейнерлі «Тиграухада» базары, толық жаңғыртудан өтіп, «Abai Plaza» сауда үйіне айналған.

«4,5 млрд жеке инвестицияға базарымызды жаңғыртып, қазір оны 7300 шаршы метр сауда орталығына айналдырдық. Сауда үйімізде қазір 55 жалға алушы бар. Олардың 80 пайызы бұрынғы жалға алушыларымыз», - деді Азамат Шағытов «Тиграхауд» ЖШС бас директоры.

Артынша вице-министр 1948 жылдан бері жұмыс істеп тұрған 80 жылға жуық тарихы «Бахус» зауытының жұмысын көрді. 12 түрлі өнім шығаратын зауыт, тек ішкі нарықтың сұранысына емес, алыс-жақын көрші елдерге де сату тізбегін ретке келтірген. Қазір зауыттың өнімдері Ресей, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288568?lang=ru