Қазақстан мен Швейцария сыртқы саясат ведомстволары арасындағы 7-ші кеңес алмасу раундын өткізді

Қазақстан мен Швейцария сыртқы саясат ведомстволары арасындағы 7-ші кеңес алмасу раундын өткізді

09.09.2026 19:02:13 113

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациялардың 7-раундына қатысты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бағыттары талқыланды.

А.Исетов швейцариялық тарапты Қазақстандағы ішкі саяси реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, Құрылтайды қалыптастыру процесіне ерекше тоқталды. Осыған байланысты екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудағы парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.

Қазақстандық дипломат сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларына назар аударып, бірлескен жобаларды, оның ішінде көлік және логистика, цифрландыру, су ресурстарын басқару, сирек жер металдары, «жасыл» энергетика және атом өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға озық технологиялар мен инвестициялар тартуға мүдделілігін білдірді.

Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Еуразия дивизионының директоры Пьер-Ив Фукс су ресурстарын басқару және көші-қон салаларындағы Швейцарияның өңірлік жобалары мен бастамаларын таныстырды. Сонымен қатар экология, даму мақсаттарындағы ресми көмек және құқықтық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталып, Қазақстан-Швейцария қатынастарының шарттық-құқықтық базасын кеңейту мүмкіндіктерін атап өтті.

Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды ілгерілету мәселелерін талқылады. Алдағы саяси байланыстар кестесі қаралып, олардың мазмұндық тұрғыдан толықтырылуға өзара мүдделілік расталды.

Сапар аясында А.Исетов Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Мемлекеттік хатшысы Александр Фазельмен жеке кездесу өткізді. Басқосу барысында тараптар геосаяси күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Швейцария әріптестігін одан әрі нығайтуға және басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1288727?lang=ru