Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Гонконг АӘА Басшысы Джон Лидің «Бір белдеу, бір жол» 11-ші саммиті аясындағы кездесуі
11.09.2026 10:06:57 33
Гонконг, 9 қыркүйек – ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Гонконг АӘА Бас әкімшісі Джон Ли «Бір белдеу, бір жол» 11-ші Саммиті аясында екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар ағымдағы жылдың маусым айында Джон Лидің Қазақстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесудің басты тақырыбы – көлік және логистика, өнеркәсіп, тау-кен секторы, қаржы, цифрландыру және инвестициялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда ҚР транзиттік әлеуеті мен Гонконгтың қаржылық сараптамасын біріктіру болды.
Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы аумағы арқылы өтетін Қазақстан Орталық дәліз бен шетелдік терминалдар желісін белсенді түрде дамытуда. А.Шаққалиев ынтымақтастықтың бірегей форматын – «Қазақстан және Орталық Азия – континенттік Қытай – Гонконг» «үшбұрышын» іске қосуды ұсынды. Бұл модель Орталық Азияның ресурстарын, ҚХР-дың өндірістік қуаттарын және Гонконгтың капиталын біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұл бастама қуатты экономикалық өсіммен негізделген: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Гонконг арасындағы өзара тауар айналымы 2,6 есе өсіп, 250,6 млн долларға жетті. Джон Ли бұл тәсілді толық қолдап, Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығудың перспективалы қақпасы деп атады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гонконгтық компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобаларды тікелей пысықтау туралы келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1289713?lang=ru