Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою ерекшеліктері.

Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою ерекшеліктері.

11.09.2026 11:21:01 43

Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебіне қою қызметтің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлға дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қойылмайды.
Тіркеу мәліметтерін өзгертуді салық органы тіркеу деректері, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметінің басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1289830?lang=ru