Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті

Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті

12.09.2026 11:55:40 224

Астанада «Тұрақты болашаққа арналғанәлеуметтік инвестициялар» тақырыбында Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлердің саммиті2026 өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, сарапшыларқоғамдастығы мен әлеуметтік кәсіпкерлер өкілдерінбіріктірді.

Саммитті ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Social Innovation Hubжәне ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығыұйымдастырды.

Саммитте сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев тәжірибеалмасудың және әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрідамыту бойынша нақты ұсыныстардыталқылаудың маңыздылығын атап өтті. Оныңайтуынша, мемлекет бизнеске қолайлы жағдай жасаужұмысын жалғастыруда.

Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілертізілімінде 1 776 субъект тіркелген. Бір жылдаолардың саны екі есе өсті.

Мемлекеттік қолдау шеңберінде 31 тамызданбастап әлеуметтік кәсіпкерлер «Іскер аймақ» бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатысады. Үшжылға дейін 200 млн теңгеге дейінгі кредит бойыншаноминалды мөлшерлеменің 50%-ын субсидиялаукөзделген. Сондай-ақ, 5 млн теңгеге дейін гранттар, жеңілдікті үй-жайлар және қаржылық емес қолдаушаралары беріледі.

Саммитте цифрлық құралдарға ерекше назараударылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлік саласындағыміндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Сервис бизнеске қойылатын заңнаманың талаптарынжүйелеп, кәсіпкерлерге өз қызметінің түрі бойыншаөзекті ақпаратты бірыңғай көзден алуға мүмкіндікбереді.

«Сервис бизнеске арналған цифрлықAI-платформада қолжетімді. Жақын арада eGovBusiness порталында да іске қосылады. Әлеуметтіккәсіпкерлер үшін бұл өте маңызды. Әдетте, штаттажеке заңгер жоқ болғандықтан бұрын реттеушіталаптарды зерделеуге кететін уақытты енді тікелейжобаларды дамытуға және әлеуметтік міндеттердішешуге бағыттауға болады», - деп атап өтті ЕрланСағынаев.

Қолдау шараларын одан әрі жетілдіру үшінҰлттық экономика министрлігінде әлеуметтіккәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі жұмыстобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттікоргандардың, «Атамекен» ҰКП, бейінді ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кірді. Топ жұмысының негізгі бағыттары-құқық қолданупрактикасын жетілдіру, Тізілімге енгізудің бірыңғайтәсілдерін әзірлеу және Кәсіпкерлік кодексі мен қолдау құралдарына өзгерістер енгізу бойыншаұсыныстар дайындау.

Саммиттің халықаралық сессиясы шетелдіктәжірибеге, әлеуметтік инвестицияларға жәнехалықаралық әріптестік мүмкіндіктеріне арналды. Оған БҰҰ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, Канада мен Жапония елшіліктерінің, TIKA, CatalystNow, Impact Hub Network, Senior Expert Service жәнебасқа ұйымдардың өкілдері қатысты.

Information Fair аясында әлеуметтік кәсіпкерлергеқаржылық, білім беру және консультациялық қолдауқұралдары ұсынылды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, AstanaHub, «Kazakh Export» АҚ және басқа да ұйымдарқатысты.

Саммиттің басты оқиғаларының бірі Best SocialEntrepreneur 2026 Awards болды. Инновация саласында Дәурен Бекғожаев (ITMLab), инклюзия саласында Гүлбақыт Балмағамбетова (Neurolink), экология саласында Андрей ЗелевскийПластикалық қоқысты қайта өңдеу»), білім беру саласында Алексей КирюховБарлығына арналғанVALEO») жеңімпаз атанды. «Елеулі әлеуметтікимпакт» арнайы номинациясын Ирина Ким (ISTINAби және спорт академиясы) иеленді.

Сонымен қатар, 10 әлеуметтік кәсіпкергеәлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қоғамдықмаңызы бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесіүшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғысхаттары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1290612?lang=ru