Әскери қызметшілер арасында күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар 12 медаль жеңіп алды
14.09.2026 16:45:44 170
Ташкентте Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында ұлттық күрес – құраштан тұңғыш әлем чемпионаты өтті.
Жарысқа 15 мемлекеттің командалары қатысты. Қазақстанның құрама командасы Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің спортшыларынан жасақталды.
Жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынды Өзбекстан балуандары иеленді. Екінші орын Қазақстан құрамасына бұйырса, үшінші орын Иран спортшыларына тиесілі болды.
Қазақстандық спортшылардың қоржынында барлығы 12 медаль бар. Әйелдер арасында +70 келі салмақта Толқын Тұрсынақынова әлем чемпионы атанды.
Ерлер арасында Сұңғат Нұрланұлы (60 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Ақылжан Тұрсынбек (100 кг) және Айдар Бескемпір (120 кг) күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында Сағат Байғараева (57 кг) мен Бақыт Құсақбаева (63 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасында Ернұр Сүлеймен (66 кг), Нұрсаят Абдуқас (73 кг), Ерасыл Тұрсынбеков (90 кг) және Көркем Орымбек (70 кг) қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (52 кг) қола жүлдеге ие болды.
Қазақстандық әскери қызметшілердің бұл нәтижесі әскери спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі болып, отандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1291290?lang=ru