көлік құралын сату жөніндегі аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
15.09.2026 13:40:54 348
Сауда-саттықты ұйымдастырушы — Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі (тіркеу нөмірі: 3553), заңды мекенжайы: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй, көлік құралын сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Сауда-саттықты өткізу әдісі: бағаны арттыру әдісі.
Аукцион 2026 жылғы 1 қазанда сағат 11:00-де, Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй мекенжайы бойынша өткізіледі.
Сату объектісі туралы мәліметтер
№ 1 лот
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: Mercedes-Benz S400L
Шығарылған жылы: 2015
Түсі: қою көк
Жүрісі: 204 000 км
Қозғалтқышының көлемі: 2 996 см³
Отын түрі: бензин
VIN: WDDUG6FB8FA119383
Тіркеу нөмірі: 1/240
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан ақаулы, жөндеуді, сондай-ақ шиналарын ауыстыруды қажет етеді.
Бастапқы бағасы: 10 096,07 АҚШ доллары (3 100 кувейт динары).
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 1 514,41 АҚШ доллары.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 504,80 АҚШ доллары.
Қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі
- Аукционға белгіленген мерзімде өтінім берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй.
- Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 17:30-ға дейін.
- Көлік құралы үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
- Жеңімпаз төлеген кепілдік жарна көлік құралын сатып алу құнының есебіне жатқызылады. Қалған қатысушылардың кепілдік жарналары аукцион аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
- Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- белгіленген нысандағы өтінім;
- жеке тұлғалар үшін — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- заңды тұлғалар үшін — заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның Кувейт Мемлекетінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
- кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
- Қатысушылар кепілдік жарнаны төлегенге және өтінім бергенге дейін осы хабарландырумен, сатып алу-сату шартының жобасымен және көлік құралының нақты техникалық жай-күйімен мұқият танысуға міндетті.
- Көлік құралы қазіргі бар күйінде сатылады. Аукцион өткізілгеннен кейін сатып алушы ұйымдастырушыдан техникалық ақауларды жоюды, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, көлік құралының жағдайын жақсартуды немесе осыған байланысты шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес.
- Қатысушылар көлік құралын қарап-тексеруге, аукционға қатысуға және кепілдік жарнаны аударуға байланысты барлық шығыстарды өздері көтереді.
- Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса немесе оның талаптарын орындамаса, ол көлік құралын сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі. Мұндай жағдайда жеңімпаз төлеген кепілдік жарна қайтарылмайды.
- Кепілдік жарнаны аударуға немесе қайтаруға байланысты банктік комиссиялар және өзге де шығыстар қатысушыларға өтелмейді.
- Аукционға қатысушылардың сөз байласуына және сауда-саттықты өткізуге заңсыз араласудың кез келген өзге де нысандарына қатаң тыйым салынады.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері
Қаражат алушы: Кувейт Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі
Қаражат алушының мекенжайы: Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй
Қаражат алушының тіркеу нөмірі: 3553
Банктің атауы: Кувейт Ұлттық Банкі (NBK)
Шот нөмірі: 2010333980
IBAN: KW06NBOK0000000000002010333980
SWIFT/BIC: NBOKKWKW
Төлем мақсаты: «№ 1 лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна».
Сатып алушының міндеттері және көлік құралын алу тәртібі
Ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз сауда-саттық аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.
Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып, көлік құралының толық құнын аударуға міндетті.
Көлік құралының толық құны ұйымдастырушының банк шотына түскеннен және барлық қажетті құжаттарға қол қойылғаннан кейін көлік құралы сатып алушыға беріледі.
Меншік құқығын қайта ресімдеуге, көлік құралын тіркеуге, салықтарды, әкімшілік алымдарды, кедендік баждарды және көлік құралын сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.
Көлік құралын қарап-тексеру және байланыс ақпараты
Көлік құралының техникалық жай-күйімен және құжаттар топтамасымен танысуға, сондай-ақ өтінім нысаны мен сатып алу-сату шартының жобасын Кувейт Мемлекеті, Сурра, 1-блок, 6-көше, 367B үй мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін алуға болады.
Байланыс тұлғасы: Abdurassul Teipov
Анықтама телефоны: +965 51421247
Электрондық пошта: ab.teipov@gmail.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1291909?lang=ru