Жетісу облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының ұжымы «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қосылды!
15.09.2026 17:05:53 157
📚 Біз бастадық — сіздерді де бірге болуға шақырамыз!
Жетісу облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының ұжымы «Оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қосылды!
Марафонның мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыру және кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.
📖 Марафон аясында қатысушылар 15 кітап оқып, кейін тесттерге, байқаулар мен квиздерге қатысады.
Біз кітап әлеміне алғашқы қадамымызды бастадық және сіздерді де марафонға қосылуға шақырамыз!
Кітап оқуды бірге пайдалы әдетке айналдырайық! 💙
🔗 Тіркелу үшін: www.reading-nation.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1292144?lang=ru