"Тіл шебері" байқауы
15.09.2026 19:16:44 221
5 қыркүйек ұлы ұстаз, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күні және еліміздегі Тілдер күні мерекесі.
Аталмыш мерекені атап өту мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Тіл шебері» республикалық байқауын ұйымдастырды. Байқауға Министрлік атынан Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Улькеева Меруерт қатысты.
Байқау барысында Меруерт «Болашақтың мемлекеттік қызметшісі» атты үш тілдегі бейнеролигін әлеуметтік желілерде жариялап, эссе жазды. «Бүгінгі мемлекеттік қызметші – мемлекеттік тіл – цифрлық әлем» бағытында дайындалған еңбегімен алғыс хатқа және ақшалай марапатқа ие болды.
Министрлік қызметкерлері алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысып, өз жетістіктерімен көріне береді деп сенеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1292328?lang=ru