Алматы қаласы бойынша МКД кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді

Алматы қаласы бойынша МКД кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді

16.09.2026 17:31:01 147

2026 жылғы 16 қыркүйекте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті.

Кездесуде шағын және орта бизнесті толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды:

  • арнаулы салық режимдерін қолдану;
  • тауарларды импорттау және маркетплейстер арқылы сату кезінде ҚҚС төлеу;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жұмыс істеу шарттары;
  • жекелеген салаларға салық салу ерекшеліктері.

МКД мамандары қатысушыларға жан-жақты кеңес беріп, кәсіпкерлердің жеке сұрақтарына жауап берді.

Осындай ашық диалог форматы бизнеске ресми түсіндірмелерді жедел алуға, ал мемлекеттік органдарға нарықтың сұраныстарына уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1292897?lang=ru