📢 Мүлік салығын уақытында төлеуді ұмытпаңыз!

📢 Мүлік салығын уақытында төлеуді ұмытпаңыз!

16.09.2026 17:41:03 207

📢 Мүлік салығы: уақытында төлеп үлгеріңіз!

 

Құрметті салық төлеушілер!

2026 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын төлеу қажет екенін еске саламыз.

🏡 Салық жылжымайтын мүлік иелеріне: пәтерлерге, жеке тұрғын үйлерге, саяжайларға, гараждарға және басқа да мүлік объектілеріне қатысты.

💰 Есептелген салық сомасын банк қосымшалары, eGov, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы білуге және төлем жасауға болады.

⚠️ Төлемді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда берешек сомасына өсімпұл есептеледі.

Салық бойынша есептеулеріңізді алдын ала тексеріп, салықты уақытында төлеңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1292910?lang=ru