2026 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша камералдық бақылау
16.09.2026 18:16:18 127
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетпеу алшақтықтарын анықтады.
Бұған негіз болған — үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен мобильді аударымдар туралы банк деректері.
Еске саламыз, хабарлама алған кезде оны 30 жұмыс күні ішінде (шамамен 45 күнтізбелік күн) орындау қажет:
- Егер келіссеңіз: қосымша салықтық есептілікті ұсыныңыз және өзіңіз есептеген салық сомаларын дербес төлеңіз.
- Егер келіспесеңіз: негіздемесі бар түсініктеме ұсыныңыз (бұл да орындау болып саналады).
Камералдық бақылаудың мақсаты — салық төлеушіге алшақтықтарды өз бетінше түзетуге мүмкіндік беру.
Хабарламаның бар-жоғын тексеру және оны орындау «Салық төлеушінің жеке кабинетінде» қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1292973?lang=ru