Павлодар облысы бойынша МКД хабарлайды: қыркүйекте ҚҚС бойынша камералық бақылау хабарламаларын тарату басталады
16.09.2026 18:36:28 268
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың қыркүйек айында өңірдегі салық төлеушілерге салық есептілігінде ҚҚС сомасын төмендету фактілері бойынша камералық бақылау хабарламалары жіберілетінін хабарлайды.
Хабарламаларды қалыптастыру электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен 300.00-нысанды декларация деректерін салыстыру арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Хабарлама ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойған салық төлеушінің өнім берушісінде өткізілген тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету анықталған жағдайда қалыптастырылады.
Хабарламаны орындау мерзімі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.
Салық төлеуші хабарламаны алған кезде:
- бұзушылықтармен келіскен жағдайда – 300.00-нысаны бойынша қосымша салық есептілігін ұсынуы;
- келіспеген жағдайда – растайтын құжаттарды қоса бере отырып және бұзушылықтардың жоқтығын негіздей отырып, жазбаша түсініктеме жіберуі қажет.
Салық төлеушілерге ЭШФ деректерін 300.00-нысанды декларация көрсеткіштерімен алдын ала салыстыру және жеке кабинетті (ЭШФ АЖ хабарламалары, Салық төлеушінің кабинеті) жүйелі түрде тексеріп отыру ұсынылады.
Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтық тексеру тағайындауға құқылы.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1293003?lang=ru