Темекі өнімдеріне салынатын АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕРІ
17.09.2026 14:47:19 357
ҚР Салық кодексінің 536 бабының тізбесінде айқындалған акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын темекі өнімдеріне келесі мөлшерлемелер бойынша акциз салынады:
Филтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар және сигариллалар: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 18 051 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 21 163 теңге.
Сигаралар: 1 данасы үшін – 825 теңге.
Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтынушылық ыдысқа салынған және түпкілікті тұтынуға арналған шөңке (трубка), шегілетін, қорқор (кальян) темекісі және өзге де темекі: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 килограмына 15 863 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 килограмына 18 835 теңге.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және басқалары): 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 11 230 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде – 1 000 данасына 11 330 теңге.
Кедендік құны 10,0 мың теңгеден асатын темекі өнімдерінің (сигаралардың) импорты (жеке тұтынуды қоспағанда): 1 данасы үшін теңгедегі құнының 10%-ы.
Егер ҚР Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарлар бойынша акциз салық салу объектісі орналасқан жер бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1293222?lang=ru