Кеден органдарының тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідіртуі және сақтауы.

Кеден органдарының тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідіртуі және сақтауы.

17.09.2026 14:47:23 321

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар нысанасы болып табылмайтын не сондай нысанасы болып табылатын, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары ҚР Кеден Кодексінің көзделген жағдайларда кідіртеді.
Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту туралы хаттаманы жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды.
Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары ҚР Кеден Кодексінде (454 бап) белгіленген мерзім ішінде алып қояды және сақтайды.
Кідіртілген тауарлар кеден органы айқындайтын және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе өзге орындарда сақтау үшін орналастырылады.
Кеден органдары тауарларды кідірткен кезде кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды іс жүзінде тауарлар қайтарылатын ҚР Кеден Кодексінің 456-бабында көрсетілген тұлғалар өтейді. ҚР Кеден Кодексінің 454-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстар ҚР Кеден Кодексінің 457-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сома есебінен өтеледі.
Кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1293220?lang=ru