«Кітап оқитын ұлт»: кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама

«Кітап оқитын ұлт»: кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастама

17.09.2026 21:32:15 363

Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы Аслан Жаңабергенұлы Әбдікәрімов аппарат қызметкерлеріне «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының мақсаты, шарттары мен қатысу ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аппарат басшысы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қызметкерлердің кәсіби және интеллектуалдық әлеуетін арттыру, ой-өрісін кеңейту және үздіксіз білім алуға ынталандырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ марафонның негізгі бағыттары, қатысу тәртібі, кітаптар тізімі және марафон аясындағы іс-шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Қызметкерлерге «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға марафонның ресми платформасында тіркелу тәртібі мен жоба талаптары таныстырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің білімін ұдайы жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1293456?lang=ru