«Таза Қазақстан»: елордалық кәсіпорындар көгалдандыруға үлес қосты

«Таза Қазақстан»: елордалық кәсіпорындар көгалдандыруға үлес қосты

18.09.2026 01:33:25 181

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Кезекті іс-шара №1 Индустриялық парк аумағында елордалық кәсіпорындар қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Сенбілік барысында аумақ абаттандырылып, 65 түп ағаш отырғызылды.

Экологиялық бастамаға «KZ-ПРЕСТИЖ», «Танжер-1», PolyTech Astana және «ЛС Групп» кәсіпорындарының ұжымдары атсалысты. Қызметкерлер өндірістік аймақты көгалдандыру жұмыстарын бірлесіп жүргізіп, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

«ЛС Групп» лифт жабдықтарын өндіру жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорында шағын жүк көтергіш және автомобиль лифтілерін, сондай-ақ эскалаторлар мен траволаторларды шығару жоспарланған. Жобалық қуаты – жылына 151 лифт.

«KZ-ПРЕСТИЖ» қойма кешенін салу және пайдалануға беру жобасын жүзеге асыруда. Кешеннің жалпы аумағы – 2 700 шаршы метр.

«Танжер-1» бетон зауыты – бетон плиталары мен қадаларын өндіруге маманданған жоғары өнімді кәсіпорын. Өндірістік қуаты – жылына 168 мың шаршы метр өнім.

PolyTech Astana кәсіпорны PE100 маркалы полиэтиленнен диаметрі 1 200 мм-ге дейінгі қысымды және қысымсыз құбырлар өндіруге маманданған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 500 шақырым полиэтилен құбыр.

Кәсіпорындардың осындай экологиялық бастамаларға қатысуы өндірістік аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруға, бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттыруға және елордада жайлы әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

 

#Астана #ТазаҚазақстан #Индустриялықпарк

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1293596?lang=ru