Салықтық резиденттік және 2025 жыл үшін 270.00 нысанды декларация

Салықтық резиденттік және 2025 жыл үшін 270.00 нысанды декларация

18.09.2026 04:48:03 132

📌 Кім Қазақстан Республикасының салықтық резиденті болып танылады?

ҚР Салық кодексінің 217-бабына сәйкес, жеке тұлға:

🔹 Қазақстанда кез келген қатарынан 12 айлық кезеңде кемінде 183 күн болған жағдайда;

🔹 немесе өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстанда орналасқан жағдайда салықтық резидент болып танылады.

Бұл ретте азаматтығы немесе тұруға ықтиярхаты, жұбайының және (немесе) жақын туыстарының Қазақстанда тұруы, сондай-ақ Қазақстанда тұруға қолжетімді жылжымайтын мүліктің болуы сияқты талаптар бір мезгілде ескеріледі.

📋 Кім 270.00 нысанды декларацияны тапсыруға міндетті?

ҚР Салық кодексінің 633-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанда шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен асатын ақшасы бар ҚР азаматтары және жеке тұлғалар – резиденттер декларация тапсыруға міндетті.

💰 Қандай кірістер көрсетіледі?

Декларацияда:

• АҚШ-тағы және басқа да шетелдік банктердегі шоттар бойынша сыйақылар;

• Дивидендтер, ұтыстар және шетелдік көздерден алынған өзге де кірістер;

• Шетелдік компанияларға қызмет көрсетуден алынған кірістер;

• Жұбайының шетелдік жұмыс берушіден алған жалақысы көрсетіледі.

ЖТС мөлшерлемесі — 10% (ҚР СК 320-бабы).

Шетелде төленген салық растайтын құжат болған жағдайда ҚР-дағы ЖТС есебіне жатқызылуы мүмкін (ҚР СК 338-бабы).

🇰🇿🇺🇸 Қосарланған салық салуды болдырмау

АҚШ-тан алынған кірістер болған жағдайда, оның талаптарын орындаған кезде ҚР мен АҚШ арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны қолдануға болады (ҚР СК 218-бабы).

📅 Декларация тапсыру мерзімі

2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тұрғылықты (болу) жері бойынша (ҚР СК 417-бабының 1-тармағы).

Қазақстандағы көздерден алынған және төлем көзінде салық салынатын жалақы декларацияда көрсетілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1293708?lang=ru