9 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Құмар Иргибаевич Ақсақалов жұмыс сапарымен ауданымызға келді.
18.09.2026 07:02:24 416
Жұмыс сапары барысында ауданда жүзеге асырылып жатқан негізгі нысандар мен ірі жобалар таныстырылды.
«TOBOL CENTER KZ» өндірістік-логистикалық кешенінде астық және майлы дақылдарды сақтау және өңдеу, көкөніс сақтау, сондай-ақ көлік логистикасын дамыту жобасының іске асырылу барысы қаралды.
«Варваринское» ЖШС аумағында облыс әкімі қуаты 40 МВт болатын газ-поршеньді электр станциясының құрылыс алаңын аралап көрді. Жобаның инвестициялық көлемі 14,3 млрд теңгені құрайды, 35 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұған дейін мұнда қуаты 22,6 МВт күн электр станциясы іске қосылған болатын.
Сондай-ақ егін жинау науқаны мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелеріне жеке назар аударылды. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 75,1%-ы жиналды. «Кең Дала» бағдарламасы аясында 29 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 2,1 млрд теңге көлемінде несие берілді. Биыл жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын 59 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Облыс әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Ауданда 1 350 ағаш отырғызылып, 9 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны санитариялық талаптарға сәйкестендірілді, қоқыс жинақталған 44 стихиялық орын жойылды.
Жұмыс сапары аудан тұрғындарымен кездесумен аяқталды. Кездесу барысында тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1293788?lang=ru