Кәсіпкерлікпен диалог: Абай облысының СЭҚ қатысушыларымен Дөңгелек үстел
18.09.2026 08:16:21 187
Бүгін Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияровтың төрағалығымен бизнес өкілдері мен сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы — кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кедендік процестерді цифрландыру және «Кеден» Ұлттық интеграцияланған платформасын енгізу мәселелері.
СЭҚ қатысушылары «Кеден» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, туындап отырған жұмыс және техникалық мәселелерді атап өтті, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Департамент басшылығы айтылған ұсыныстар мен тілектерді назарға алды. Республикалық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар жоғары тұрған органға қарау үшін жолданатын болады.
Кездесу барысында бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ашық талқылап, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пікір алмасты.
Кездесуге қатысушылар Департамент басшылығына дөңгелек үстелді ұйымдастырғаны және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін тікелей талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
Бизнеспен ашық диалог — СЭҚ қатысушыларының практикалық қажеттіліктерін ескеруге және кедендік процестерді жетілдіруге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды өзара іс-қимыл құралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1293836?lang=ru