Субсидиялар, 5 млн-ға дейінгі гранттар мен жеңілдікті кредиттер: "Іскер аймақ" бағдарламасының жаңа шарттары

Субсидиялар, 5 млн-ға дейінгі гранттар мен жеңілдікті кредиттер: "Іскер аймақ" бағдарламасының жаңа шарттары

18.09.2026 12:00:50 217

Бүгінгі таңда аудан кәсіпкерлерінің қандай мүмкіндіктері бар, мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады және қандай жобалар жаңа жұмыс орындарын құрады деген мәселе Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесуіндегі негізгі тақырыпқа айналды.

Кездесуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту сөз болды. 31 тамыздан бастап, әлеуметтік кәсіпкерлер "Іскер аймақ" бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатыса алады. Бағдарлама шеңберінде үш жыл мерзімге 200 млн теңгеге дейінгі кредиттер сыйақысы номиналды мөлшерлемесінің 50% - на дейін субсидиялауды, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейінгі гранттарды, жеңілдікті үй-жайларды және қаржылық емес қолдауды алуға болады. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің жанынан қолдау шараларын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобы құрылды.

Кәсіпкерлерге тікелей қатысты тағы бір мәселе заңнаманың талаптарына қол жеткізумен байланысты. Кездесуде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Яғни белгілі бір қызмет түріне қатысты талаптарды бір жерден табуға мүмкіндік бар.

Ауданда бизнесті дамыту нақты жобалармен қатар жүруде. Төлеби ауданында құны 1,5 млрд теңге болатын "KazPlast" тігін фабрикасы жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 90 мыңға дейін қысқы арнайы жұмыс киімін шығарады.

Ірі жобалардың бірі - "QazCoilPro" ЖШС алюминий орамдарын шығаратын зауыт салу. Жобаға салынған инвестиция 115 млрд теңге. Кәсіпорын Киелітас ауылдық округінде 120 жұмыс орнын құрып, 24 га аумаққа орналастырылмақ.

Аудан экономикасының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығына арналған. Өндірілген өнім көлемі 17,4 млрд теңге. "Fish House" ЖШС балық шаруашылығы мен жалпы құны 5,1 млрд теңге "Abzal Group" ЖШС құс сою пункті 2025 жылы іске қосылды. 2026 жылы осындай сомаға тағы екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін суды тиімді пайдалану мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары 2 761 гектарға қолданылса, биыл оны тағы 412 гектарға енгізу жоспарлануда.

Тұрғындар мен кәсіпкерлердің сұрақтары "Ауыл аманаты" жобасына да қатысты. Кездесуге қатысушылар қатысу шарттарына, мемлекеттік қолдау тетіктеріне және өз ісін бастау және кеңейту мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

#ЗАҢменТәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1293976?lang=ru