«JUMYS TAP» БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНДІ
18.09.2026 15:02:43 159
Жастарды жұмыспен қамтуға және олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Jumys tap» бастамасы аясында атқарылатын жұмыстарды жүйелеу бойынша жиын өтті.
Жиын барысында бастаманың негізгі бағыттары, жастарға көрсетілетін кеңес беру қызметтері, тиісті мекемелермен өзара іс-қимылды күшейту және алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Атап айтқанда, пробация қызметінің есебінде тұрған жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыссыз және NEET санатындағы жастарды еңбек нарығына тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жастарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, кәсіп бастауға бағыт-бағдар беру және кәсіби кеңес көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Алдағы уақытта «Jumys tap» аясындағы жұмыстар мүдделі мекемелермен бірлесіп, нақты бағыттар бойынша жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1294076?lang=ru