KazAID Даму саласындағы жаңа серіктестердің үшінші отырысы аясында екіжақты кездесулер өткізді

KazAID Даму саласындағы жаңа серіктестердің үшінші отырысы аясында екіжақты кездесулер өткізді

18.09.2026 16:01:53 205

2026 жылғы 9–11 қыркүйекте Даму саласындағы жаңа серіктестердің (Emerging Development Partners) үшінші отырысы аясында «KazAID» Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Вице-Президенті Др. Али Эрджанмен, Әзербайжан халықаралық даму агенттігі (AIDA) Директорының м.а. Хамид Зейналовпен, Таиландтың Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (TICA) Бас директоры Чулват Наринтрангурамен, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Стратегия және бағдарламаларды басқару бөлімінің директоры Др. Сринивас Татамен, Бангладеш Қаржы министрлігі Экономикалық байланыстар департаментінің директоры Кази Шахжаханмен, сондай-ақ БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Орталық Азиядағы Өкілі Махир Сафарлимен екіжақты кездесулер өткізді.

Екіжақты кездесулер барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, соның ішінде басым бағыттар бойынша даму мақсатындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1294118?lang=ru