KazAID пен ЕФСР жұмыс семинарын өткізді
18.09.2026 16:16:50 280
2026 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласындағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (ЕФСР) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері үшін ЕФСР-мен ынтымақтастықта KazAID тарапынан ұйымдастырылған «Халықаралық дамуға көмектесудегі Қазақстан Республикасының рөлі» тақырыбында жұмыс семинары өтті.
ЕФСР Қазақстан Республикасының халықаралық дамуға көмектесудегі рөлі туралы презентация ұсынып, қатысушыларды елдің дамуына және дамуға ресми көмектің ұлттық жүйесіне баға беретін талдау жұмысының нәтижелерімен таныстырды.
«KazAID» Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов өз сөзінде екі ұйым арасындағы ынтымақтастық өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыруға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1294125?lang=ru