KazAID ТДМ жөніндегі X Солтүстік және Орталық Азия көптарапты форумына қатысты

KazAID ТДМ жөніндегі X Солтүстік және Орталық Азия көптарапты форумына қатысты

18.09.2026 16:31:11 203

2026 жылғы 17 қыркүйекте «KazAID» Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов ЭСКАТО Субрегионалдық бөлімшесі «UN Plaza» ғимаратында ұйымдастырған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның оныншы көптарапты форумы шеңберінде «17-мақсат: Іске асыру құралдарын нығайту және орнықты даму мүддесіндегі Жаһандық серіктестік шеңберіндегі жұмысты жандандыру» тақырыбындағы сессияда онлайн форматта сөз сөйледі.

Өз сөзінде Н. Арыстанов ТДМ 2030 күн тәртібіне сәйкес серіктес елдерді дамытуға бағытталған қазақстандық агенттіктің қызметі мен жобалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ол Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесін дәйекті түрде кеңейтіп жатқанын атап өтті.

Іс-шараға БҰҰ, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Азия мемлекеттерінің, ғылыми қоғамдастықтың, азаматтық қоғам мен жеке сектордың өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1294130?lang=ru