Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызының Малайзияның Мароккодағы Елшісі Эди Ирван бин Махмудпен өткен кездесуі туралы

Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызының Малайзияның Мароккодағы Елшісі Эди Ирван бин Махмудпен өткен кездесуі туралы

19.09.2026 01:16:10 115

Малайзияның Марокко Корольдігіндегі Елшісі Эди Ирван бин Махмуд Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі, Азия-Тынық мұхиты тобы елшілерінің дуайені Сәулекуль Сайлауқызына ілтипат білдіру визитімен барды.

Кездесу барысында тараптар нәтижелі ынтымақтастық орнатуға және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға үміт білдірді. С. Сайлауқызы жаңа малайзиялық әріптесіне табысты дипломатиялық миссия мен осы жауапты лауазымда елеулі кәсіби жетістіктерге жетуді тіледі.

Эди Ирван бин Махмуд — 2001 жылдан бастап Малайзия Сыртқы істер министрлігінде қызмет етіп келе жатқан мансапты дипломат. Ол Малайзияның Йемен, Вьетнам, Фиджи және Австралиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі лауазымдарды атқарған, сондай-ақ Малайзияның Лаостағы Елшісі болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1294433?lang=ru