ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫ У. УМИРЗАКОВ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫ У. УМИРЗАКОВ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

19.09.2026 03:32:23 170

Жетісу облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У. Умирзаков қатысты.

 

Отырыста 2024–2026 жылдары мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, сондай-ақ мемлекет пайдасына салық және әкімшілік берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі қызметіндегі заңдылықтың жай-күйі және олардың уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

 

Атап айтқанда, жиын барысында салық заңнамасының сақталуына, оның ішінде салық берешегі мен көлік салығы бойынша қарыздарды өндіру шараларына ерекше назар аударылды. Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен сот орындаушыларымен бірлескен іс-қимыл нәтижелерін баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1294515?lang=ru