НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оңайлатылған декларациядағы салық төлеушілер үшін камералдық бақылау жүргізілді.
19.09.2026 04:16:33 158
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оңайлатылған декларациядағы салық төлеушілер үшін камералдық бақылау жүргізілді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетпеу фактілері бойынша алшақтықтарды анықтады.
📊 Алшақтықтар не негізінде анықталды:
▪️ 2025 жылдың 2-жартыжылдығы бойынша — электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) деректері және екінші деңгейлі банктердің мәліметтері (POS-терминалдар мен мобильді төлемдер) негізінде 💳
▪️ 2026 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша — әрбір 3 қатарынан күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен мобильді аударымдар туралы банк деректері негізінде 📲
Бақылау нәтижесінде салық төлеушілерге Салық төлеуші кабинетіне хабарламалар жолданды.
❗️Хабарлама алсаңыз не істеу керек?
Орындауға 30 жұмыс күні (шамамен 45 күнтізбелік күн) беріледі ⏳
2 нұсқа бар:
✅ Егер алшақтықпен келіссеңіз — қосымша салық есептілігін ұсынып, салықтарды қосымша төлеу қажет.
✅ Егер келіспесеңіз — негіздемесі бар түсініктеме ұсыну қажет. Бұл да хабарламаны орындау болып саналады.
💡 Камералдық бақылаудың мақсаты — салық төлеушіге алшақтықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.
👉 Хабарламаны тексеру және орындау үшін kgd.gov.kz сайтындағы «Салық төлеушінің жеке кабинеті» арқылы өтуге болады.
Салық міндеттемелерін уақытылы орындауды сұраймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1294537?lang=ru