2026 жылғы 18 қыркүйекте Тайынша ауданы әкімінің аппаратында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін қолдану мәселелері бойынша семинар өтті.
19.09.2026 04:32:24 209
2026 жылғы 18 қыркүйекте Тайынша ауданы әкімінің аппаратында бизнес өкілдері үшін жаңа Салық кодексін қолдану мәселелері бойынша семинар өтті.
Кездесу Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының төрағалығымен өтті.
Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдарының, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
Семинар спикерлері ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері сөз сөйледі.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін, оның ішінде:
▪ арнаулы салық режимдері бойынша өтпелі ережелерді;
▪ корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және жеке табыс салығы бөлігіндегі өзгерістерді;
▪ салықтық тексерулерді жүргізу және тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін;
▪ салықтық әкімшілендірудің басқа да өзекті мәселелерін түсіндірді.
Салық төлеушілерден келіп түскен сұрақтарға ерекше назар аударылды. Олардың қатарында:
▪ Субсидиялар алуға бағытталған, бұғатталған шоттар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу.
▪ Тауарды қайтару кезінде ЭШФ-ны түзету тәртібі: түзетілген немесе жойылған ЭШФ рәсімдеу, сондай-ақ бұрын есепке жатқызылған ҚҚС және қабылданған хабарлама бойынша одан әрі іс-қимылдар.
▪ Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 2026 жылы біржолғы төлемдерден, оның ішінде пайшыларға төленетін дивидендтерден ЖТС есептеуінің дұрыстығы.
▪ Бюджет түріне — ЖӨБ немесе МКБ-ға байланысты 105306 және 105310 БСК бойынша салықтарды есептеу және төлеу тәртібі.
Қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1294552?lang=ru