Елдің негізгі заңы: экономикалық тұрақтылық және әркімнің жауапкершілігі

Елдің негізгі заңы: экономикалық тұрақтылық және әркімнің жауапкершілігі

19.09.2026 04:46:50 113

Қазақстан құқықтық және әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне қадам басты: жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар әділетті мемлекет құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және елдің экономикалық дербестігін нығайтуға бағытталған түбегейлі бағдарларды бекітті.

Мемлекеттік кірістер органдары үшін бұл конституциялық нормалардың тікелей практикалық маңызы бар.

Салықтар суверенитет пен әлеуметтік кепілдіктердің негізі ретінде

Кез келген құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі - құқықтар мен міндеттердің теңгерімі. Конституция азаматтарға тегін білім алуға, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қорғауға кепілдік береді. Дегенмен, бұл мемлекеттік кепілдіктердің барлығының экономикалық негізі — салықтар мен алымдарды адал төлеу болып табылады.

Елдің жоғары құқықтық актісі бұл түбегейлі міндетті айқын белгілейді:

«Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» (ҚР Конституциясының 35-бабы[1] ).

Бұл норма салықтық және кедендік аударымдардың жай ғана формалдылық емес, әрбір азамат пен бизнестің өз мемлекетін дамытуға қосқан тікелей үлесі екенін айқындайды. Қазіргі жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы осы конституциялық борышты орындау процесін мүмкіндігінше түсінікті, ашық және сервиске бағдарланған етуге бағытталған.

Кәсіпкерлікті қорғау және әділдік принциптері

Жаңартылған құқықтық база кәсіпкерліктің орнықтылығына және бизнес үшін жағдайлардың теңдігіне ерекше көңіл бөледі. Заңнамада негізгі экономикалық кепілдіктер бекітілген:

  • «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» (ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағы[2]). «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндеттейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (ҚР Конституциясының 6-бабының 1, 2-тармақшалары).
  • Ел бизнесінің едәуір бөлігі шоғырланған Алматы қаласы үшін бұл бағдарлар өте маңызды. Салықтық және кедендік әкімшілендіру ашықтық пен цифрландыру принциптеріне негізделген, бұл тең бәсекелестік жағдайды жасайды және адал бизнесті көлеңкелі сектордан қорғайды.

Құқықтық мәдениет - қоғам дамуының кепілі

Конституцияны білу және құрметтеу - жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі. Салықтар мен кедендік төлемдерді төлеу жаңа мектептерге, жолдарға және өз қалаңның қауіпсіздігіне қосқан тікелей үлес ретінде ұғынылғанда, конституциялық міндетті орындау әрбір азаматтың саналы қадамына айналады.

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Толық мәтіні) - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми порталы (akorda.kz) - Адамның және азаматтың құқықтары мен міндеттері бөлімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1294560?lang=ru