Кеден декларациясының 31-бағанындағы мәліметтердің шынайылығы – кедендік ресімдеуді жедел жүргізудің кепілі
19.09.2026 06:03:26 209
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға арналған декларацияны тапсыру кезінде «Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы» 31-бағанын толтырудың басты ерекшеліктерін түсіндіреді. 31-баған декларацияның маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Онда көрсетілген толық мәліметтер өнімді бірмәнді сәйкестендіру және оны ЕАЭО ТН ВЭД 10 таңбалы коды бойынша дұрыс жіктеу үшін қажет.
31-бағанның дұрыс және толық толтырылуы тікелей келесілерге әсер етеді:
- қаржылық есептеулердің дәлдігіне: кедендік баждарды, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығына;
- регламенттердің сақталуына: тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғау шараларын, тыйымдар мен шектеулерді қолдануға;
- құқықтық қорғауға: зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы тиімді бақылауға;
- рәсімдерді оңтайландыруға: кедендік тәуекелдерді барынша азайтуға, тексеру шараларының көлемін қысқартуға және тауарларды шығару мерзімін едәуір жеделдетуге.
31-бағанды толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 Шешімімен реттелген. Тауарлардың жекелеген түрлері бойынша (ішкі тұтыну үшін шығару, кеден қоймасы, қайта өңдеу, уақытша әкелу/әкету, реимпорт, реэкспорт, ЕЭЗ және еркін қойма процедураларына орналастырылатындарды қоса алғанда) мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсету талаптары аталған Тәртіптің № 2 қосымшасымен бекітілген. Тауарлардың тек жалпылама атауларын пайдалануға жол берілмейді – сипаттама толық, анық әрі түсінікті болуы тиіс.
Ресімдеу кезіндегі кідірістерді және декларациялау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу тәуекелін болдырмау мақсатында, Департамент СЭҚ қатысушыларына декларацияны тапсырмас бұрын деректерді мұқият салыстыруды ұсынады. 31-бағандағы мәліметтер мыналарға қатаң сәйкес келуі керек:
- Коммерциялық, көліктік, техникалық және басқа да ілеспе құжаттарға;
- Декларацияланатын жүктің нақты сипаттамалары мен физикалық жай-күйіне.
Бизнес тарапынан белгіленген кедендік ережелерді сақтау – процестердің ашықтығы мен барлық кедендік рәсімдерден жедел өтудің басты шарты.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1294599?lang=ru